Қақпашы “Тұран” командасынан қайта келді.
Қақпада Евгений Гошев пен Тимурбек Закиров тұрғанда, “Тұранда” тұрақтала алмаған Мирас өзінің жұлдызын жаққан командамен келісімге келді.
22 жастағы қақпашы Түркістан ұжымында Премьер-лига аясында жалғыз бір кездесу өткізді. “Жеңіске” қарсы болған ойында Мирас өз қақпасына 2 гол жіберді. Содан кейін ол мүлдем алаңға шықпады.
Мұхамбетжанұлы өз мансабында “Жетісай” мен “Тұраннан” бөлек, “Хан-Тәңірі” мен “Байқоныр” сапында өнер көрсетті.
Осыған дейін “Жетісай” сапында негізгі қақпашы қызметін Думан Шалғынбаев атқарып келді.
Біздің серіктес: FONBET