Мирча Луческу Зайнутдиновтың командасын жаттықтырады

30.03.2024, 12:59

"Ua-football.com" сайтының мәлімдеуінше, 78 жасар маман Мирча Луческу осы жазда "Бешикташтың" тізгінін ұстайды. 

Румыниялық бапкер осыған дейін де 2002-2004 жылдар аралығында Стамбұлдық команданы жаттықтырған. Түркиялық клуб басшылығының Луческуге осы қыста ұсыныс жасағандығы да белгілі. Алайда, румыниялық жаттықтырушы команданы маусым ортасынан алғысы келмей, бас тартқан болатын. Айта кетейік, "Бешикташ" сапында Қазақстан Ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы өнер көрсетеді.