Мирослав Беранек Алексей Поповты енді құрама сапына шақырмайтынын басып айтты
31.08.2011, 19:14
Жарнама
Жарнама
Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек Талғардағы базасында ашық жаттығу өткізген соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, алдағы Түркия мен Әзірбайжан құрамаларына қарсы бәсекелер жайында пікір алмасқан болатын. Осы сұхбат барысында азаматтық құқық алған "Амкар" клубының қорғаушысы Алексей Поповты енді құрама сапына шақырмайтынын басып айтты. Және "Дуйсбург" клубының қорғаушысы Сергей Каримовтің де құрамаға ілігуге соңғы мүмкіндігі бар екеніннен хабардар етті. Қазақстан құрамасы емес Ресейдің резервтік құрамы сынды көрінетін ұлттық құрамамыз енді бір-екі болса да орыстан құтылатын болды. Сіздер қандай пікірдесіздер?