"Астана" футбол клубы жаңа бапкер іздемейтін болды. Өткен маусымда елордалықтарға ел кубогын алып берген чех маманы Мирослав Беранек командада қалатын болды.
"Астана" футбол клубы жаңа бапкер іздемейтін болды. Өткен маусымда елордалықтарға ел кубогын алып берген чех маманы Мирослав Беранек командада қалатын болды.
Шыны керек, футболдан Қазақстанның 2012 жылғы ел біріншілігі аяқталысымен Астана жақтан әртүрлі әңгімелер таралып жатты. Біреулер бас бапкерлікке ресейлік Юрий Красножанды "тағайындаса", біреулер Италия маманымен "келісімшарт жасасып жатты". Алайда, кеше клуб басшылығы бұл әңгіменің барлығына нүкте қойып, чех маманы Мирослав Беранектің командада қалатынын мәлімдеді. Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Астана" футболшыларына клуб президенті Азамат Айтқожиннің өзі барып, Беранектің қалатындығын айтты. Яғни, Миро бапкер елордалықтарды 2013 жылғы футбол маусымында да жаттықтырады.
Айта кетейік, Беранек "Астана" командасының тізгінін өткен жылы мамыр айының соңында қолына алған болатын. Ол кезде клуб турнир кестесінде небәрі 11-орында келе жатқан. Рас, соңғы екі турда командасы сүрініп, ел біріншілігінде жүлделі орындардан көріне алмады. Есесіне, ел кубогын иеленіп, еурододаға қатысу құқығына ие болды.
алаш арена