Италиялық «Лационың» шабуылшысы Мирослав Клозе Германия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтағанына өкінбейтінін айтты.
«Енді құрамада ойнамауды жөн деп шештім. Қолыма вино не сыра алып, бүгінге дейін не істегенімді ойлап отырғаным жақсы. Бірақ мен әлі мансабымды аяқтаған жоқпын, тек ұлттық құрама сапында жаттығып жүретін жастан өттім.
Жақында балық аулап қайтқанмын, қайықта өзім ғана болдым. Сөйтіп, Германия сапында өткізген матчтарым туралы ойладым – 147 ойын. Әр санды бір-біріне қосып шықсаң, 11 шығады екен, менің нөмірім. Бұл – тоқтайтын тамаша мүмкіндік. Бұл туралы бапкерге (Йоахим Лев – Авт.) айттым, ол менің шешімімді өзгертпейтінімді біледі,» - деді Клозе.