Петропавлдық «Қызыл-Жардың» ресейлік қақпашысы Мирослав Лобанцев Премьер-лиганың 12-турында «Тобылмен» өткен ойындағы (0:2) өзінің қызыл қағаз алуы туралы пікір білдіріп, жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
- Сәлеметсіздер ме? Ең алдымен қызыл қағаз алғаным үшін барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Алайда, оны не себепті алғанымды әлі де түсіне алар емеспін. Мен пенальтиді қайтарғаныма қуанып айқайладым, бірақ төреші тарапына ешқандай сөз айтпадым.
Айта кетейік, кешегі матчта Лобанцев Жереми Монзорроның пенальтиден тепкен добын қайтарған еді. Бірақ төреші қақпашыны сызықтан алға шығып кетті деп, оған қызыл қағаз көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET