Жарнама
Жарнама

Мирзад Механович: «Қазақстанды жанкүйерлер бүкіл ел болып қолдауда, ал біздікілер команданың жеңісіне күмәнмен қарауда»

09.10.2021, 21:22
Мирзад өзінің елі 2:1 есебімен жеңеді деген болжам айтты.
Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» клубының босниялық экс-жартылай қорғаушысы Мирзад Механович Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы матч туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды РБ басылымы:

- Босния мен Герцеговинада барлығы тек жеңіс үшін ойнайды және өздерін фаворитпіз деп санайды. Топта екінші орынға шығу үшін тек Қазақстанда ғана емес, бірнеше күннен кейін Украинада да жеңіске жету керек.

Жарақат барлық командада болады, бірақ визаға байланысты мәселені ешкім күткен жоқ. Бұл Босния командасындағы атмосфераны сәл бұзды деп айта аламыз.

Табысқа жету үшін Қазақстан қорғаныста тәртіпті ойнап, шабуылдағы стандарттарға назар аударуы керек. Менің ойымша, стандарттар арқылы қазақстандықтар бір нәрсе жасай алады. Бірақ «Астана Аренадағы» жасанды төсеніш қонақтарға мәселе туғызады деп ойламаймын, бірақ бұл алаң иелеріне кішкене басымдық береді.

Менің ойымша, Қазақстан құрамасы үшін соңғы матчтарда жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үлкен артықшылық болып табылады. Оларды жанкүйерлер бүкіл ел болып қолдауда, ал біздікілер команданың Зеницадағы ойынынан (2:2) кейін жеңіске күмәнмен қарауда. Жеке өзім Босния мен Герцеговина құрамасына жанкүйер боламын, 2:1 есебімен жеңеміз деп үміттенемін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров