Жарнама
Жарнама

“МЮ” 18 жастағы хавбегі алғаш рет Англия ұлттық құрамасына шақырту алды

Англия ұлттық құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт “Манчестер Юнайтедтің” 18 жастағы ойыншысы Кобби Майнуды “үш арыстандардың” наурыз айындағы ойындарына шақыртты.  

Жарнама
Жарнама

Жас футболшы Англия құрамасында алғаш рет өнер көрсетпекші. 

“Англияның ересектер ұжымына шақырту алған Кобби Майнуды құттықтаймыз. Біздің құрам үшін бұл керемет толығу болып отыр. Команда мен Майнуға халықаралық турнирлерде сәттілік тілейміз”, - деп жазылған үш арыстандардың баспасөз-қызметі жариялаған хабарламада. 

Кобби “қызыл сойқандардың” бастапқы командасында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Хавбек манкуниандықтар үшін осы маусымда 21 ойын өткізіп, 3 гол мен 2 голдық пас берді. Футболшының “МЮ” келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды. Трансфермаркет Майнуды 35 млн еуроға бағалайды. 

Англия құрамасы наурыз айында 2 кездесу өткізеді. Алғашқы ойын 23 наурыз күні Бразилияға қарсы өтсе, келесі матч 26 наурыз күні Бельгияға қарсы өтеді. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров