Жарнама
Жарнама

«МЮ» - «Атлетик» Бильбао кездесуіне болжам

08.05.2025, 16:58

Рубен Аморимнің командасында сырт алаңдағы 3:0-ден кейін үлкен басымдық бар.

"Атлетик" - "МЮ" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Бүгін «қызыл сойқандар» Испанияда басталған теке-тіреске нүкте қойып, финалға шығуды көздейді. Жалпы, «МЮ-дің»  бар күші қазір тек Еуропа лигасында деуге болады. Өйткені, АПЛ-де команда алдында ешқандай мақсат-міндет жоқ (15-орын). Өткен ойында «Брендтфордтан» 3:4 болып жеңілді. Бапкерлік құрам команда сапында еш алаңсыз ауыс-түйістер жасап, тәжірибе жасай алады. Манчестерліктерге бұл турнирдің маңызы айрықша - Еуропа лигасының кубогы келесі жылы ЧЛ-да ойнауға мүмкіндік береді. Сол үшін «МЮ» бүгін де аянып қалмас. 

«Атлетик» апта бұрынғы бәсекеде жаман көрінген жоқ. Тек сол бірінші таймда Дани Вивианның алаңнан қуылуы Эрнесто Вальверде шәкірттерінің жоспарын күл-талған етіп кетті. Десе де, басктер ұжымы әрқашан қайтпас қайсарлығымен, соңына дейін күресетін табандылығымен танымал. Оның үстіне биылғы финал  «Сан Маместе» өтетіні мәлім. Демек, «Атлетик» мерзімінен бұрын туын жықпайды, қайта нар тәуекелге бел буады. Жат алаңда жанын салып шабуылдайды. Ал енді мұның қаншалықты нәтижелі болатыны бөлек әңгіме.

«Атлетиктің» сырт алаңдағы ойындарын табысты деуге келмейді – барлық турнирлерді қосқанда жыл басынан бері тек бір-ақ кездесуді жеңіспен аяқтаған екен. Примерада клуб 5-орында және өкшелеп тұрған қарсыласынан 3 ұпайлық басымдыққа ие. Бұл позиция келесі маусымда ЧЛ-да ойнайтын мүмкіндік береді. Соңғы матчында Эрнесто Вальверденің командасы «Реал Сосьедатпен» тең тарқасты 0:0.

Біздің болжам – бұл кездесуде қос команда да голсыз кетпеуі керек. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінда сіздер осы нұсқаға 1.80 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров