Жарнама
Жарнама

Модрич – ФИФА-ның жыл футболшысы атанды

25.09.2018, 16:20
Жарнама
Жарнама
«Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич ФИФА-ның нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды. Алғашқы үштікте Модричтен бөлек, Криштиану Роналду мен Мохаммед Салах болды. Хорват футболшысы 29,05 пайыз дауыс жинаған. Екінші орынға Роналду орналасса (19,08%), үштікті Салах қорытындылап тұр (11,23 %). Модрич биылғы жылы «Реалмен» Чемпиондар лигасында топ жарды. Хорватия құрамасымен әлем чемпионатының финалына дейін жетті. 33 жастағы футболшы бұған дейін УЕФА-ның таңдауы бойынша өткен маусымның үздік ойыншысы атанған. Сөйтіп, Роналду мен Мессидің 10 жыл бойы ешкімге ұстатпай келген «Жылдың үздік футболшы» атағы осы жылы Модричке бұйырды. Енді желтоқсан айында «Алтын доптың» иегері анықталады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров