"Реал Мадрид" жартылай қорғаушысы Лука Модрич 13 тамыз күні Испания Суперкубогы үшін каталондық "Барселонаға" қарсы өтетін, бірінші кездесуде командасына көмектесе алмайды. Себебі осыдан үш жыл бұрын, 2014 жылы дәл осы додада мадридтік "Атлетикоға" қарсы өткен матчта ойын тәртібін бұзып, алаңнан қуылған еді. Содан бері Зидан жаттықтыратын ұжым аталмыш сайысқа қатыспаған. Дегенмен 17 тамыз күні Мадридта өтетін жауапты ойында Модричті қайта көретін мүмкіндік бар.
Руслан Мералиев