Жарнама
Жарнама

Мохамед Салах АПЛ рекордын орнатты

15.08.2021, 14:36
Салах жаңа маусымды керемет бастады. Соғылған үш голға да өз үлесін қосты.
Жарнама
Жарнама

Англия Премьер-лигасының бірінші туры "Норвич" "Ливерпульді" қабылдады. "Карроу Роуд" стадионында өткен матч 3:0 есебімен аяқталды.

Египет құрамасының шабуылшысы Мохамед Салах бұл ойында бір гол соғып, Диого Жота мен Роберто Фирминоның көзге түсіне мүмкіндік жасап берді.

Осының арқасында Салах чемпионаттың алғашқы турында соғылған голдар бойынша Англия Премьер-лигасында рекорд орнатты. Мохамед АПЛ-де бес маусым бойы бірінші турда гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Еске сала кетейік, Салах "Ливерпульге" 2017 жылы ауысқан болатын. Бірінші матчта ол "Уотфордқа" гол соқты, содан кейін Премьер-лиганың бір маусымында 32 гол соғып, клуб рекордын жаңартты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров