«Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах келесі маусымда мерсисайдтық клубта қалатынын мәлімдеді.
29 жастағы египеттік футболшының клубпен қазіргі келісім-шарт мерзімі 2023 жылдың жазында аяқталады.
«Мен келісім-шартқа назар аудармаймын. Қатты өзімшіл болғым келмейді. Себебі бұл апта біз үшін маңызды. Жай ғана бар назарымды командаға аударамын және Чемпиондар лигасын қайтадан жеңіп алғым келеді. Мен Хендоның кубокті ұстап тұрғанын көргім келеді және оны маған береді деп үміттенемін. Қазір келісім-шарт туралы айтқым келмейді. Мен келесі маусымда осында қаламын, бұл нақты шешім», - деді Салах Sky Sports порталына берген сұхбатында.
Келесі жылы келісім-шарт мерзімі аяқталатын «Ливерпуль» тағы бір футболшысы Садио Мане Чемпиондар лигасының финалынан кейін болашағы туралы шешімін айтатынын хабарлады.
Чемпиондар лигасының финалдық ойыны 28 мамырда Парижде өтеді. Қалқанқұлақ кубокті «Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» сарапқа салатын болады.
Біздің серіктес: FONBET