"Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах жазда командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды AS.
Дереккөздің хабарлауынша, мысырлық футболшының командадан кетуіне "Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопппен бірнеше айға созылған жанжал себеп болуы мүмкін. Мысырлық футболшының наразылығын тудырған Клопп Англия Премьер-лигасының 29-турында "Челсимен" (0:1) болған матчта Салахты 62-минутта алмастырған болатын. Осының әсерінен жағдай ушығып кетті. Салахтың "Ливерпульмен" қазіргі келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.
Салах "Ливерпульге" 2017 жылы "Ромадан" ауысып келді. Осы маусымда 28 жастағы шабуылшы Премьер-лигада 26 матчқа қатысып, 17 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. 2011 жылдан бастап Салах Египет құрамасына шақыртылып жүр.
Біздің серіктес: FONBET