Жарнама
Жарнама

Мохаммед Диарра «Тараз» қатарын толықтырды

22.02.2017, 05:18
Жарнама
Жарнама
Тараз» Гвинея құрамасының ойыншысын қатарларына қосты. 24 жасар Мохаммед Ламине Диарра Франция және Гвинея елінің азаматтығына ие. Ол атақты ПСЖ футбол мектебінің түлегі. Өзінің спорттық мансабының бәрін Дания чемпионатында өткізген. Аталған елдің «Нюкёбинг» және «Оденсе» клубтарының намысын қорғаған. Футболшы сондай ақ, Гвинея құрамасы үшін он ойынға қатысып, бір гол соққан. Естеріңізге салсақ, Мохаммед Диарра алғашында «Алтай» клубымен келісім шарт жасасқан. Кейін шығыстық команданың Қазақстан премьер лигасында ойнамайтыны белгілі болған соң басқа клуб іздестіруге кіріскен.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров