Жарнама
Жарнама

Мохамед Салахтың “Ливерпулден” көңілі қалғаны жанкүйерлерді алаңдатты

24.10.2025, 18:10

Мысырдың әйгілі футболшысы Мохамед Салах “Ливерпуль” клубының бас бапкері Арне Слоттың шешіміне наразы екенін аңғартты.

Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасының “Айнтрахт Франкфуртқа” қарсы өткен ойынында Салах бастапқы құрамға енбей, тек 74-минутта Хьюго Экитикенің орнына алаңға шыққан болатын.

Кездесуден кейін Салах өз әлеуметтік желілеріндегі “Ливерпульге” қатысты кейбір жазбаларын өшіріп тастаған. Бұл көпшіліктің пікірінше — ойыншының клубтағы жағдайына көңілі толмайтынын көрсетеді.

Бұл әрекет жанкүйерлер арасында Салахын болашағы “Ливерпульде” бұлыңғыр деген алаңдаушылық тудырды. Футбол сарапшылары соңғы кездері оның ойыны баяулап, ынтасы төмендегенін атап өтуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров