Ослода өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Норвегия құрамасы Молдовадан 11:1 есебімен басым түсті.
Ойыннан кейін Молдова ұлттық құрамасының бас бапкері Сергей Клещенко қысқа ғана пікір білдірді:
"Бұл біз үшін масқара. Айтарым осы ғана.” — деді ол Dagbladet басылымына.
Бұл жеңіліс Молдова тарихындағы ең ірі есеппен ұтылу болып тіркелді. Бұған дейінгі антирекорд 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Даниядан 0:8 есебімен жеңілген кездесу саналып келген еді.
Норвегия сапында Эрлинг Холанд пен Теоло Аасгаард бастаған футболшылар алаңда гол нөсерін жаудырып, қарсыласты толығымен тас-талқан етті.
Біздің серіктес: FONBET