Жарнама
Жарнама

Молдова мен Қазақстан арасындағы матчтың төрешілері белгілі болды

22.03.2022, 21:09
Ойында грекиялық төрешілер тобы қызмет етпек.
Жарнама
Жарнама

УЕФА Ұлттар лигасының өтпелі кезеңінде Молдова мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчта қызмет ететін төрешілер тобы анықталды.

Ойынға грекиялық төреші Тасос Сидиропулос бас қазы болып тағайындалды, оған қос қапталдан отандастары Полихронис Костарас пен Лазарос Димитриадис көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Василис Фотиас атқарады. 

Испаниялық маман Хуан Мартинес VAR-ға жауапты болмақ, Агелос Эвангелу оның көмекшісі болып бекітілді.

Еске салайық, Молдова мен Қазақстан арасындағы алғашқы ойын 24 наурызда Кишиневте өтеді. Қарымта ойын 29 наурызға жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров