Жарнама
Жарнама

Молдовалық маман «Ордабасыға» келмейтін болды

23.11.2024, 11:20

Moldfootball.com» сайты «Петрокуб» клубының бас бапкері Андрей Мартиннің «Ордабасымен» байланысты сұқбатын жариялады.

Андрей Мартин "Петрокуб" бас бапкері
Жарнама
Жарнама

Молдовалық маман нақты ұсыныстың болмағанын мәлімдепті. 

«Сыбыстарға пікір қосқым келмейді. Бір нәрсені анық айта аламын - бүкіл назарым «Петрокубтың» келесі кездесуінде, чемпионаттың бірінші кезеңін ойдағыдай аяқтауға дайындалып жатырмыз. Біздің мақсат - қазіргіден жоғарылай алмасақ, турнирлік кестедегі орнымызда сақтап қалу. Конференциялар Лигасынының қалған үш матчына жақсылап тұрып дайындалып алсақ дейміз. Бұл біздің, клубтың және менің мақсатым. Осы уақытқа дейін менімен ешкім байланысқан жоқ, барлығы тек сыбыс», - деді А. Мартин. 

Айта кетейік, Андрей Мартиннің командасы биыл шымкенттік клубты ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңінде жарыс жолынан шығарып тастаған еді. «Петрокуб» бірақ ары қарай сәтсіздікке ұшырап, тек Конференциялар Лигасынының негізгі кезеңін қанағат тұтты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров