Жарнама
Жарнама

«Монакода» доп тепкен қазақстандық футболшы «Шахтерға» ауыспақ ниетте

12.01.2022, 15:33
Қорғаушы франциялық клуб сапында гол соғып үлгерген еді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 22 жастағы қорғаушы Дінмұхамед Қашкен жақын арада «Шахтермен» келісім-шартқа отырады.

Желтоқсан айында Қашкен «Монаконың» екінші командасына қаралымнан өткен еді, ал мұның нәтижесі франциялық клуб қысқа мерзімді демалыстан шыққаннан кейін белгілі болуы керек еді. Дегенмен қазақстандық футболшы қарағандылық клубқа ауысу туралы шешім қабылдады.

Жастығына қарамастан, Қашкен «Атлетико Мадрид» пен «Сарагосаның» жастар командаларында, сондай-ақ бірқатар қазақстандық клубтарда, атап айтсақ, «Астана», «Жетісу», «Қайсар», «Ақтөбеде» өнер көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров