Жарнама
Жарнама

«Монаконың» 6 футболшысы командадан кетті

26.06.2020, 00:32
Келесі маусымда «Монако» бүкіл құрамды жаңалайтын секілді.
Жарнама
Жарнама

Өзінің ресми сайтында "Монако" футбол клубы алты ойыншысы клубтан кеткендігі туралы хабарлады.

Қақпашылар Диего Бенальо мен Сейду Си келісімшарттың мерзімі аяқталуына байланысты командадан кетеді. Осындай себеппен жартылай қорғаушы Мусса Силла клубтан кетеді.

Жалға беру мерзімі аяқталуына байланысты тағы үш ойыншы өз клубтарына оралады. Жартылай қорғаушы Тьемуэ Бакайоко мен Адриен Силва және шабуылшы Ислам Слимани Англияға оралады. Француз лондондық «Челсиге», ал португалдық пен алжирлік ойыншы - «Лестер Ситиге» тиесілі.

Франциядағы 2019/2020 жылғы маусым коронавирустық пандемияға байланысты наурызда тоқтатылып, кейін биліктің шешімімен мерзімінен бұрын аяқталған еді. Үзіліске дейін 28 турда 40 ұпай жинаған "Монако" Лига 1-ді тоғызыншы орынмен аяқтады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров