Жарнама
Жарнама

Мората «Реалға» қайта оралғысы келмейді

05.04.2015, 00:51
Жарнама
Жарнама

Туриндік «Ювентуста» өнер көрсетіп жүрген Альваро Мората қайтадан мадридтік «Реалда» ойнағысы келмейді. Бұл туралы шабуылшының агенті Хуанма Лопес хабарлап отыр.

Өткен маусымда италиялық клуб футболшыны 20 миллион евроға сатып алды. Егер ойыншы сәтті өнер көрсетіп кетсе, «Ювентус» «корольдік клубқа» қосымша сыйақы беруге де құқылы болды. Бірақ, Мората жаңа клубқа келе сала жарақат алып қалды. Соңғы кездесулерінде ғана өзін тамаша қырымен танытып жүр. Мұны байқаған «Реал» скауттары ойыншыға қайта Мадридке оралуы туралы ой тастап жүргенге ұқсайды. Бірақ, футболшының агенті бұл туралы ойламайды.

- Қазіргі таңда Альваро Мората клубына шын ниетімен берілген ойыншылардың бірі. Оның Туринде бар жағдайы жасалған. Ешқандай қиындыққа тап болып жүрген жоқ. Ол осыған дейін-ақ ер жігіт ретінде шешім қабылдай алатынын дәлелдеді. Мен білсем, оның «Реалға» оралғысы жоқ, - Хуанма Лопес.

Айта кетейік, Альваро Мората «Реалдың» негізгі құрамында 37 ойынға шығып, 10 гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров