Алматылық «Қайраттың» жаңа футболшысы ганалық Ибрахим Моро мен «Астананың» белді ойыншысы Таңат Нөсербаев ертең өтетін Қазақстан Суперкубогының матчында өз командаларына көмектесе алмайды.
Бұл туралы «Астана» - «Қайрат» матчының алдында баспасөз-мәслихатында қос клубтың бас бапкерлері мәлім етті. Моро «Қайрат» сапына осы трансфер уақытында швециялық АИК-тан ауысып келді. Ал Нөсербаев былтыр «Астананың» чемпион атануына үлкен көмегін тигізген болатын. Өткен маусымда 42 матчқа қатысып, 11 рет көзге түскен.
Естеріңізге сала кетсейік, Қазақстан Супербогы 1 наурызда елордалық уақытпен 15:30-да «Астана Арена» стадионында өтеді.