"Тоттенхэм" клубының бас бапкері Жозе Моуриньо Англия Лигасы Кубогының 4-кезеңіндегі "Челсиге" қарсы матч (1:1, 5:4 - пенальти сериясы) кезінде өз командасының жартылай қорғаушысы Эрик Дайермен болған жағдай туралы айтып берді.
Еске салайық, кездесудің 77-минутында Дайер кенеттен алаңнан қашып кетті, Эрик ол кезде алмастырылмаған еді. Моуриньо киім ауыстыратын бөлмеге кірді де, футболшыны қуып шықты. Көп ұзамай Дайер алаңға оралды, ал Моуриньо өз орнына қайта жайғасты.
"Эрикпен болған жағдай қалыпты емес. Мен оны мақтауым керек. Футболшыларға 48 сағат ішінде жоғары деңгейдегі екі матч ойнауға тыйым салу керек. Ол алаңды тастап кетуге мәжбүр болды, оның басқа мүмкіндігі болмады. Мен Эрикті алаңға оралу үшін мәжбүрлеген жоқпын. Бұл бәріне керемет үлгі болып табылады. Егер жоғарыдағылар үшін ойыншылардың жағдайы маңызды емес болса, мен үшін аса маңызды", - деді Моуриньо.
Біздің серіктес: FONBET