Жозе Моуриньо баптайтын “Бенфика” Примейра лиганың 6-турында күтпеген жерден тағы да ұпай жоғалтты. Лиссабондықтар өз алаңында турнирдің аутсайдері саналатын “Риу Авемен” 1:1 есебімен тең түсті.
“Эштадиу да Луш” стадионында өткен кездесуде “Бенфика” ұзақ уақыт бойы қарсыластың қорғанысын бұза алмады. Тек 86-минутта Георгий Судаков есеп ашып, жанкүйерлерді қуантты. Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Қосымша уақыттың алғашқы минутында Андре Силва қонақтарға тең есепті сыйлады.
Алты турдан кейін “Бенфика” 14 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында келеді. Көш басында – 18 ұпай жинаған “Порту”, ал екінші орында – “Спортинг” (15 ұпай).
“Риу Авенің” жағдайы мәз емес. Олар 4 ұпаймен 16-орында, яғни әлі де төмен құлау аймағында тұр.
Біздің серіктес: FONBET