Моуриньо “Манчестер Сити” ойыншысының “Фенербахчеге” ауысқанын қалайды

“Фенербахче” осы жазда Жозе Моуриньоның қалауымен Манчестер Сити жартылай қорғаушысы Матео Ковачичті қатарына қосуы мүмкін. 

Португалдық маман түрік ұжымының жартылай қорғанысын күшейтуді мақсат етіп отыр. Ал Ковачичтей ойыншы “Фенербахче” бапкерінің талаптарын толығымен орындай алады. Сол себептен Жозе осы ойыншыны керек қылып отыр. 

Осы маусымда Матео барлық турнирлерде 44 ойын өткізіп, 3 гол мен 1 голдық пас берді. Футболшының “Манчестер Ситидегі” келісімі 2027 жылға дейін жарамды. Трансфермаркет Ковачичті 30 млн еуроға бағалайды. 

Хорват “Манчестер Ситиден” бөлек, өз мансабында  “Динамо” Загреб, “Интер”, “Реал” және “Челси” клубтарында өнер көрсетті.