Жарнама
Жарнама

Моуриньо - Саутгейтке: «Гари мен саған уәде беремін, Кейн маусым соңына дейін жолдастық матчтарға шықпайтын болады»

03.10.2020, 02:44
Моуриньо кеше Кейнді «Маккаби Хайфамен» болған ойынға шығарған еді.
Жарнама
Жарнама

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуринью УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің «Маккаби Хайфаға» қарсы ойынынан (7:2) кейін Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейтке үндеу жасады.

Еске салайық, Саутгейт «Тоттенхэм» шабуылшысы Харри Кейнді ұлттық құраманың Уэльспен болатын жолдастық ойынға (8 қазан), сондай-ақ Бельгиямен (11 қазан) және Даниямен (14 қазан) өтетін Ұлттар лигасының матчына шақырған болатын. Бұған дейін Моуринью маманды алдағы матчтарда ойыншыға қиын тапсырма жүктемеуге және оған демалыс беруге шақырған болатын. «Маккабиге» қарсы матчта Кейн хет-трик жасады.

«Маккабиге» қарсы кездесу біз үшін маңызды болды. Бұл ойыннан кейін топтық кезеңге шығып, бірнеше миллион фунт пайда көретін мүмкіндік болды. Мен Стив Холланд пен Гариға ойыншыны қызғанбауға уәде бере аламын. Мен өзімнің досым Саутгейтке Харри Кейн маусымның соңына дейін жолдастық кездесулерде бір минут та ойнамайтындығына уәде беремін», - деді Моуриньо Daily Mail басылымына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров