"Реал" Мадрид командасының реми сайтының мәлімдеуінше бас бапкер Жозе Моуриньо өзінің жеке рекордын жаңартыпты. Кеше түнде "Валенсияны" сырт алаңда 3:2 есебімен жеңгеннен кейін "Реалдың" барлық турнирлерде қатарынан жеңіп келе жатқанын матчтары 11-ге жетті. Осыған дейін Моуриньо "Порту" бапкері болып жүргенде он ойында қатарынан жеңіске жеткен екен. Моуриньо рекорды алдағы уақытта әлі де жаңарады деген ойдамыз. Себебі, олар сейсенбі күні өз алаңында Загребдің "Динамосын" қабылдай. Ол матч чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-тур аясында өтетін болады.
Біздің серіктес: FONBET