Жарнама
Жарнама

Мұхамеджан Сейсен «Тараз» сапында ең көп матч өткізген қақпашылардың тізіміне енді

07.04.2022, 00:00
Қақпашы қазір жамбылдық клубта төртінші маусымын өткізуде.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» 23 жастағы қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Қазақстан чемпионатында өткізген матчтар саны бойынша жамбылдық клубтың ТОП-6 қақпашылар қатарына енді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Мұхаммеджан «Тараз» сапында 2019 жылдың 15 наурызында «Тобылға» қарсы ойында (1:4) дебют жасады. Қақпашы қазір жамбылдық клубта төртінші маусымын өткізуде, бүгінге дейін 57 матчқа қатысып, 73 гол жіберіп алған.

Айта кетейік, Премьер-лигада «Тараздың» намысын бұған дейін 30 қақпашы қорғаған. 

«Тараз» үшін Премьер-лигада ең көп матч өткізген қақпашылар тізімі:

  1. Игорь Жебин - 123 матч;
  2. Нәкен Қырықбаев - 83;
  3. Игорь Михайлов - 70;
  4. Мұрат Мұқашев - 62;
  5. Олег Воскобойников - 60;
  6. Мұхаммеджан Сейсен - 57;
  7. Джурахон Бабаханов - 56.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров