Жарнама
Жарнама

Мұхаммеджан Сейсен: «Үшінші орынды сақтап қалуға тырысамыз»

26.04.2021, 19:55
Мұхаммеджан жеті матчтың төртеуінде қақпасына гол жібермеді.
Жарнама
Жарнама

Осы маусымда Қазақстан чемпионатындағы фавориттер арасында «Тараз» командасы да жүр. Армениялық маман Вардан Минасян жаттықтыратын тараздықтар жеті турда бір рет қана жеңілген, бүгінде үшінші орында тұр. 

Осындай жеңістерге себепкер болған португалиялық футболшы Педро Эужениомен бір қатарда 22 жастағы қақпашы Мұхаммеджан Сейсен де бар, ол биылғы маусымда төрт матчта гол жібермеген. 

Prosports.kz тілшісі жамбылдық клубтың қақпашысымен сөйлесіп, «Тараздың» осы маусымдағы мақсаты туралы сұрады.

- Мұхаммеджан, «Тараз» чемпионат басында жақсы ойнап, үздік үштікте келеді. Команданың осындай нәтижелеріне не себеп?

- Бас бапкер Минасян келе салысымен біздің психологиямызбен жұмыс істеп, ойыншыларды әр кездесуде жеңіске жете алатынына сендірді.

- Жеті турдан кейін команда турнир кестесінде елдің қазіргі чемпионы «Қайраттан» алда болады деп ойыншылардың өздері күтті ме?

- Оқу-жаттығу жиынының алғашқы матчтарынан бастап, бүгінге дейін тек өз ойынымызға ден қоямыз. ҚПЛ-дың үздік үштігінде қаламыз деген үміттенемін. Кем дегенде осы позицияны сақтап қалуға тырысамыз.

- Үшінші турда алматылық клубпен болған кездесуден қандай әсер алдыңыз және «Тараз» сол ойында жеңіске жете алар ма еді?

- Қалыпты әсер. Рас, бірінші таймнан кейін есепті 2:0-ге жеткізіп, тең түсу өкінішті жағдай. Бірақ нәтижеге көңіліміз толды.

- «Тараз» осы маусымда чемпионаттың соңғы жылдардағы дәстүрлі көшбасшыларына қарсы тұруға дайын ба?

- Менің ойымша, «Тараз» бұрын да жүлде үшін күресуі керек еді, қазір біздің абыройлы ойын өрнегін көрсетіп, үздік үштікке енуге лайық екенімізді көрдіңіздер.

- Вардан Минасянмен жұмыс жасау туралы не айта аласыз?

- Мен командада төртінші маусымымды өткізіп жатырмын және психология үшін көбірек жұмыс жасайтын осындай жаттықтырушыны алғаш рет көріп отырмын. Ол жас ойыншыларға да, тәжірибелі ойыншыларға да бірдей қарайды және командада жақсы атмосфера құрды.

- «Тараз» сапында турнирдің үздік бомбардирлерінің бірі Педро Эуженио ойнайды. Ол команда ойынында қаншалықты маңызды рөл атқарады?

- Бұл командалық ойынның жемісі деп ойлаймын.

- Маусымдағы жеті матчтың төртеуінде гол жібермедіңіз. Команданың қазіргі жетістігіне португалиялықтан бөлек, сіздің де үлесіңіз көп сияқты...

- Меніңше, бұл барлық жігіттер пен бапкерлік штабтың ерен еңбегінің арқасы. Қорғаныстың шабуылдан басталатынын ұмытпаған жөн.

- Өткен турда «Тараз» «Каспийден» жеңілді. Футболшылар чемпионаттағы алғашқы жеңілісті қалай қабылдады?

- Біз қорытынды жасадық, алға қарай жылжуды жалғастырамыз. 

- Келесі турда «Ақтөбе» клубын қабылдайсыздар. Бұл «Тараз» үшін қаншалықты қиын ойын болмақ?

- Біз бұл ойынға тек жеңіске жету үшін шығамыз.

- Мамыр айының басында жамбылдық клуб «Тобыл» және «Астана» клубтарымен кездесу өткізеді. Команда турнир кестесіндегі тікелей бәсекелестеріне қарсы тұруға дайын ба?

- Уақыты келгенде өздеріңіз көретін боласыздар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров