«Ақтөбе» бас бапкерінің міндетін атқарушы Мұхтар Ерімбетов Қазақстан Кубогінің төртінші турындағы «Қайсарға» қарсы өткен ойын (0:1) туралы пікір білдірді:
- Бұл матч үшін біз ойын жүйесі бойынша ештеңені өзгерткен жоқпыз. Бұған іс жүзінде уақыт болмады. Командаға келер болсақ, жарақатына байланысты бірқатар ойыншылар матчқа қатыса алмады және ротация жасауға мәжбүр болдық. Біз команданың барлық ресурсын пайдаландық, ойынға барлық шабуыл шебіндегі ойыншылар қатысты. Біз ойынды жылдам шабуылдар арқылы құрдық. Команда қорғанысты ұмытпай, ұйымдасқан түрде шабуыл жасауға тырысты. Нәтижесінде қарсылас қорғаныстағы жалғыз қателік үшін бізді жазалады.
Біздің серіктес: FONBET