Жарнама
Жарнама

Мұхамед Салах тағы бір рекордты жаңартты

15.03.2024, 13:19

Мысырлық шабуылшы «Ливерпульдің» тарихында қатарынан 7 маусымда 20 голдан асырып доп соғып жүрген тұңғыш футболшы атанды.

Мұхамед Салах тағы бір рекордты жаңартты
Жарнама
Жарнама

Кеше Салах командасымен бірге Еуропа лигасының ширек финалына шықты. Мерсисайдтықтар «Энфилдте» Праганың «Спартасын» (6:1) тас-талқан ұтқан болатын. Алаң иелерінің сапында Коди Гакпо дубль жасаса, Салах, Нуньес, Собослай, Кларк бір-бір реттен мергендік танытқан. Осылайша, қос ойынның қортындысында Чехиялық клубтан 11:2 есебімен басым түскен «Ливерпуль» енді бүгін кешке өзінің ширек финалдағы қарсыласын білетін болады. Көпшілік, “Ливерпульді” биылғы турнирдегі басты фаворит деседі. Сондай-ақ, ширек финалға «Бенфика» (Португалия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Милан» (Италия), «Марсель» (Франция), «Рома» (Италия), «Аталанта» (Италия) мен «Байер» (Германия) клубтары да шыққан болатын.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров