Жарнама
Жарнама

Мұхаммеджан Сейсен: “Біз жеңісті соңғы минуттарда қолдан шығарып алдық”

14.10.2025, 11:45

Қазақстан құрамасы мен “Астана” клубының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Солтүстік Македонияға қарсы өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойыны (1:1) туралы пікір білдіріп, кездесуде болған қиын сәттер мен өз әсерлерімен бөлісті.

Жарнама
Жарнама

“Ойын жайлы айтар болсам, есеп 1:1 болып аяқталды. Біз жеңісті соңғы минуттарда қолдан шығарып алдық. 1:0 есебімен алда келе жатқанда соңғы 10–15 минутта гол жіберіп алдық. Әрине, бұған қуана алмаймыз. Бұл сәт өкініш тудырды.” — деді Сейсен QazSport арнасына берген сұхбатында.

Қақпашы жаңа бас бапкердің әсерін де атап өтті:

“Жаңа бапкер келгелі біздің ойынымыз айтарлықтай өзгерді. Ол небәрі он күннің ішінде бізге көп нәрсе түсіндіріп үлгерді. Соңғы екі ойында осы өзгерістердің нәтижесін көрсеттік. Жалпы алғанда, жаман емес, жақсы ойнадық.” — деп атап өтті ол.

Мұхаммеджан соғылған гол мен өз жағдайы туралы да егжей-тегжейлі баяндады:

“Cоққы өте қатты болды. Доп жоғары бағытта ұшып келе жатып, кенет бағытын өзгертіп, айып сызықтың үстінен қақпаға кіріп кетті. Мен барынша секіріп, допты қайтаруға тырыстым, бірақ аз ғана жетпей қалды.” — деді ол.

Сондай-ақ Сейсен қарсылас жанкүйерлер тарапынан болған тәртіпсіздікке наразылығын білдірді:

“Менің бетіме лазермен бірнеше рет жарық түсірді. Үш жақтан екі-үш рет көзіме тура бағыттады. Бұрыштама кезінде қақпадан шығуға мүмкіндік болмады, себебі допты көре алмай қалдым.” — деп түсіндірді қақпашы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров