Жарнама
Жарнама

“Мұнайшылар” Қазақстанды бағындырмақ – “Атырау” топ лига жұлдыздарына ауыз салды

Бүгін, 09:39

Атыраулық ұжым трансферлік терезе жабылғанша жанкүйерлерін таңғалдыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Jean-Kévin Augustin & Kylian Mbappé
Жарнама
Жарнама

Бас бапкер Владимир Чебурин мен клуб басшылығы құрамды сапалы деңгейге көтеру үшін батыл қадамдарға баруда. Vesti.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, команда енді ТМД елдерінен емес, Еуропаның белді біріншіліктерінен ойыншы іздеуге көшкен.

Ақпан айында командадан Белоруссиялық маман Виталий Жуковский кеткен болатын. Ол көбіне өз отандастары мен таныс нарыққа сенім артқан еді. Алайда, клуб инвесторы Әлімбек Мұқановтың жоспары мүлдем бөлек. Оның мақсаты — командаға Еуропалық топ чемпионаттардың дәмін татқан, тәжірибелі шеберлерді әкелу.

Дереккөздің мәліметінше қазіргі уақытта “Мұнайшылар” екі бірдей танымал футболшымен келіссөз жүргізіп жатыр:

Жан-Кевин Огюстен (Француз шабуылшысы): Ол кезінде "ПСЖ", "РБ Лейпциг" және "Монако” сияқты грандтарда доп тепкен. Егер бұл трансфер жүзеге асса, Қазақстан чемпионатындағы ең жарқын оқиғалардың бірі болмақ.

Андрей Влад (Румын қақпашысы): “Ақтөбенің” бұрынғы ойыншысы, Еуропалық деңгейдегі сенімді голкиперлердің бірі. Қақпа шебін мықтау үшін табылған үміткер.

"Атыраудың” бұл амбициясы клубтың тек ортанқол команда емес, жүлделі орындардан дәмелі екенін көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров