Жарнама
Жарнама

Мұнайшылардың су жаңа директорының есімі белгілі болды. Қалбаевичтің келуі клубқа не әкеледі?

12.09.2025, 07:30

"Атырау" командасының жаңа директоры болып Жақиялиев Қуандық Қалбаевич тағайындалды.

Жарнама
Жарнама

Қуандық Жақиялиев – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. Оның еңбек жолы 2002 жылы Қ. Сәтпаев атындағы орта мектептен басталған. Сол жерде ол он жыл бойы мұғалім болып жұмыс істеді (2002–2012).

2013–2017 жылдары Қуандық Жақиялиев "Атырау” клубында балалар мен жасөспірімдер бапкері ретінде еңбек етіп, клубтың футбол орталығын басқарды. Оның тәрбиеленушілері қазір Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылып, Премьер лига клубтарында өнер көрсетуде.

Сондай-ақ, ол төрт жыл бойы Атырау қаласы әкімдігінде Геологиялық және Ақсай ауылдық округтерінің әкімі қызметін атқарды. Кейін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып, облыстық ішкі саясат басқармасына бағынышты мекемені басқарды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров