Жарнама
Жарнама

“Мұнда деңгей өте жоғары” – ҚПЛ сұрмергені Ресейде жарқырай ала ма?

09.03.2026, 16:26

Елордалық “Астананың” бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазіргі таңда Қазандық “Рубин” сапында өнер көрсетіп жүрген Назми Грипши Ресей Премьер лигасының 20-турындағы “Краснодарға” қарсы өткен кездесуден (2:1) кейін өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

“Бұқалар” қақпасына гол соққан Албан футболшысы  Sport.business-gazeta.ru-ға берген сұхбатында Ресей мен Қазақстан чемпионаттарын салыстыра отырып, жаңа ортаға бейімделу барысы туралы айтты.

Журналистер алдымен одан Қазақстандағы көрсеткіштерін Ресейде қайталай алу-алмайтынын сұрады.

“Ойын алдында маған: “Қазақстан чемпионатында көрсеткен нәтижеңді мұнда қайталай аласың ба?” деген сұрақ қойылды. Мен Ресей чемпионатының деңгейі мүлдем басқа екенін жақсы түсінемін. Бұл — жаңа сынақ.” — деді футболшы.

Назми Грипши екі лиганың айырмашылығын мойындай отырып, “Рубинге” барынша пайда тигізуге тырысатынын жеткізді.

Футболшы РПЛ-дің қарқыны мен деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Ол қазіргі уақытта “Рубиннің” негізгі ойыншысына айналу үшін бар күшін салып жатқанын және алдағы матчтарда өзін дәлелдеуге ниетті екенін айтты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров