Жарнама
Жарнама

Мұрат ТІЛЕШЕВ: "Кубокты бәрібір Қостанайға бермейді"

10.11.2011, 20:11
Жарнама
Жарнама

"Тобыл" - "Ертіс" ойынынан кейін ашуланған Мұрат Тілешев дәл осылай жанкүйерлерге айқайлап кетті. Кубоктың жартылай финалының жауапты кездесуінің нәтижесінде "Ертіс" финалға шыға алмай қалған болатын. Жалпы ойын үстінде де ызаға булыққан Мұраттың қаны басына шауып жүрді. Бірде әріптестеріне ұрысып, бірде қарсылас команданың ойыншыларымен жаға жыртысты. Оған ешкім де таңдана қоймайды. Мұраттың алаңдағы мәнері осы. Ол намысшыл, өте қызу, ішіндегісін жасырмайтын азамат.

Осы жанайқайымен ол жанкүйерлерге бір сырдың шетін ағытқан секілді. Қостанай кубокты алмайтынын Мұрат батыр ертелі-бұрыннан қайдан білді екен?

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров