Жарнама
Жарнама

Мусса Дембеле мадридтік “Атлетикоға” ауысты

14.01.2021, 05:12
Диего Костаның орнын басар ойыншы.
Жарнама
Жарнама

Мадридтік “Атлетико” ресми сайтында “Лионның” шабуылшысы Мусса Дембеленің клуб сапына қосылғанын хабарлады.

”Атлетико” 24 жасар ойыншыны маусым соңына дейін жалға алды. Жалға алу мерзімі аяқталған соң клуб форвардты 33,5 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі бар. Қосымша 5 миллион еуро бонус та қосылуы мүмкін.

Дембеле “Лион” сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетеді. Ал ағымдағы маусымда 16 ойынға қатысып, бір гол соққан.



Жарнама
Жарнама

Новости партнеров