Жарнама
Жарнама

Мына жігіт ұзаққа барады

“Селтиктің” оң қаптал қорғаушысы Шотландия Премьер-лигасының символикалық құрамына кірді.

Жарнама
Жарнама

Шотландия Премьер-лигасының өткен аптадағы үздіктер құрамы белгілі болды. Оған ішкі чемпионаттың 11 командасынан 11 ойыншы іріктеліп алынды. 

Құрамда “Селтик” футболшысынада орын табылды. Кельттердің қаптал қорғаушысы Алистаир Джонстон “Фолкиркке” қарсы сәтті ойыннан кейін үздіктер қатарына кірді. Аталған матчта жас қорғаушы “Селтик” сапынан 1 гол соқты. Және қорғаныста сенімді ойнады.  

26 жастағы қорғаушы алдағы екі жылда топ чемпионатқа ауысатындай жағдайы бар. АҚШ-тың “Монреаль” клубынан “Селтикке” ауысып келген Канада азаматы Альфонсо Дэвистей жарқын жұлдыздардың бірі атануы тиіс. Алистаирдың бойында “Бавариядағы” отандасының бар қабілеті қалыптасқан. Алистаир Дэвис секілді шабуылға жылдам шығады. Керек кезде қорғанысқа да қайтып үлгереді. Жас футболшы жасыл алаңға шыққан кездесулерінің барлығында 10 баллдық жүйемен есептегенде, кемінде 7 баллға сай ойын мәнерін көрсеткен. Одан тағысы, 2023 жылы трансфер құны 6 млн еуро болған Джонстон айналдырған екі жылда 10 млн еуроға құнын өсірді. Сол арқылы Скотиш Премьершиптің қымбат ойыншылар қатарында 6 орынға жайғасты. 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: