"Манчестер Юнайтед" командасы 5 жасар баламен келісім-шартқа қол қойды. Кішкентай Чарли Джексонның талантын "МЮ" скауттары бірден байқапты. Тіпті, ол үш жас кезінде доп теуіп жүрген кезден-ақ мамандар көзіне бірден шалыныпты. Манчестер қаласының солтүстігіндегі Дентон ауданында доп теуіп жүрген баламен келісім-шартқа отыру үшін "Манчестер" командасының қызметкерлері екі жыл уақыт күтіпті. Енді, Чарли Джексон 5-ке толғаннан кейін "Манчестер Юнайтед" футбол академиясымен 4 жылға келісімге келіп отыр.
- Оның пір тұтатын ойыншылары Болотелли мен Джо Харт. Бұл екеуі де "Манчестер Сити" командасының ойыншысы. Енді балам қазір "Юнайтед" академиясында жаттығып, "қызылдарға" бой үйретіп келеді.
Біздің серіктес: FONBET