Жарнама
Жарнама

«МЮ» - әлемдегі ең бай команда

21.04.2012, 01:39
Жарнама
Жарнама
«Forbes» журналы әлемдегі ең бай клубтардың тізімін шығарды. Бұл тізімнің көш басында келе жатқан ағылшындық «Манчестер Юнайтед» тағы да өз орнын сақтап қалды. Ағылшын премьер-лигасының қазіргі көшбасшылары «қызыл сойқандардың» қаржы көлемі қомақты екенін бәрі де біледі. Өйткені бұл команда «Forbes» журналының өткен рейтингісінде бірінші орында тұрған болатын. Ал екінші орында мадридтік «Реал» орналасса, үшінші орынды да испандық тағы бір команда «Барселона» еншілепті. Ал қалған командалардың рейтінгісі төмендегідей: 1. «Манчестер Юнайтед» (Англия) — 2,23 миллиард доллар 2. «Реал» (Испания) — 1,87 млрд 3. «Барселона» (Испания) — 1,30 млрд 4. «Арсенал» (Англия) — 1,29 млрд 5. «Бавария» (Германия) — 1,23 млрд 6. «Милан» (Италия) — 989 миллионов 7. «Челси» (Англия) — 761 млн 8. «Ливерпуль» (Англия) — 619 млн 9. «Ювентус» (Италия) — 591 млн 10. «Шальке» (Германия) — 587 млн

Өмірбек САНСЫЗБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
«Ақжайық» алға озды