«МЮ-дың» шабуылынан «Челсидің» қорғанысы артық боп тұр
10.03.2015, 20:57
Жарнама
Жарнама
Шабуыл шебінде ойнайтын футболшылардың міндеті біреу ғана – гол соғу. «Қызыл сойқандардың» шабуылында ойнайтын Радамель Фалькао мен Анхель ди Мариядан «ақсүйектердің» қорғаушылары Джон Терри және Бранислав Иванович нәтижелі болып шықты.
2014/2015 жылғы маусымда Фалькао мен ди Мария әр қайсысы төрт голдан соғып шыққан. Ал Терри мен Иванович осы маусымда алты голдан қанжығаларын майлапты.