Жарнама
Жарнама

«МЮ» Шкриньярды алмақшы

12.07.2020, 20:36
Магуайр мен Шкриньяр қорғаған «Юнайтед» қақпасына кім гол соқпақ?
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» «Интер Милан» қорғаушысы Милан Шкриньярға қызығушылық танытып отыр.

«Қызыл сойқандар» ойыншы үшін 58 миллион фунт стерлинг (65 миллион еуро) көлемінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Goal.com Tuttosport-қа сілтеме жасап.

Шкриньяр «Интер» клубына «Сампдориядан» 2017 жылы жазда 34 миллион еуроға ауысқан болатын. Ал қазір 25 жастағы словактың трансферлік құны 48 миллион еуроны құрап отыр. Қорғаушының "Интер" клубымен келісім-шарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

«Манчестер Сити», «Реал Мадрид» және «Бавария» клубтары «Интер» қорғаушысының қызметіне қызығушылық танытып отыр. Осы маусымда Шкриньяр Италия Сериясының 27 матчына, Чемпиондар лигасының алты кездесуіне және Италия кубогының үш кездесуіне қатысты. Футболшы екі нәтижелі паспен көзге түсті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров