МЮде жолы болмаған 10 жұлдыз

Әлемнің атақты клубына қуана ауысып, кейін кетуге асық болған ТОП 10 ойыншы кімдер? Қазір анықтаймыз.

Оуэн Харгривз 2007-2011 ж

39 ойын, 2 гол, 2 асисст

Харгривз Мюге өткен кезде "Баварияның" көшбасшы футболшысы деген атағы болатын. "Қызыл сойқандар" Оуэн үшін 25 миллион доллар төледі. Ол кезде бұл өте көп ақша болатын. Бірақ, ағылшын футболшысы "қызықлдар" үшін ойнап жетістірмеді. Жарақаттан көз ашпады. Оның тізедегі жарақаты жанына тыныштық бермеді. Харгривз лазаретте айлап жататын. Кейіннен оны "Манчестер Ситиге" жалға берді. Ол жақта жартылай қорғаушы небәрі 4 қана ойын өткізді. Сосын 31 жастағы ойыншы көптеген жарақаттардың кесірінен спорттық ғұмырының құлдырап кеткенін анық байқады.

Клеберсон, 2003-2005ж

30 матч, 2 гол, 6 асисст.

"Атлетико Паранаэнсе" клубының аңызына айналған бұл футболшы Еуропаны бағындырмақ болды. "Манчестерге" ауыса салып ол бірден жарақат алды. Англиялынң футболы сәл қаталдау екенін ол анық байқады. "Атлетико" клубымен ол Бразилия чемпионы болып жарқырап еді. Сосын Бразилия құрамасының да негізгі ойыншысына айналды. Бірақ, МЮге келгелі бері жарақат маза бермей оны құрама бапкері шақырмайтын болды. Сосын, "Юнайтед" оны "Бешикташ" клубына сатты. Бірақ, Түркияда да Клеберсонның жолы болмады. Ол амалсыз Латын Америкасына қайтты.

Диего Форлан, 2002-2004 ж

98 ойын, 17 гол, 8 асисст.

Сэр Алекс Фергюссон бұл футболшы клубтың аңызы болады деп ойлады. 11 миллионға сатып алып, екі жылдан соң 3 миллионға сатты. Форлан келе салып жоғарғы бәсекелестікке шыдай алмады. Дәл осы кезде Рунидің де жұлдызды шағы жанып тұрды. Қосалқы құрамда отырып қалған Диего, көп гол да сала алмады. Сосын, "Вильярреалға" ауысып екінші тынысы ашылды. Одан әрі "Атлетико" сапында трофейлер жеңе бастады. Угургвай құрамасымен Әлем чемпионатында 4 орын алды.

Хуан-Себастьян Верон, 2001-2003 ж

82 матч, 11 гол, 11 асисст.

"Лациода" аргентиналық жартылай қорғаушы нағыз жұлдыз еді. Оның ойыны ғаламат болатын. Сосын оны МЮ 42 миллионға сатып алды да, қиын жағдайға тап қылды. Бірақ, Верон ағылшын футболына бой үйренісе алмады. Кейін "Юнайтед" кеткен қаржының жартысын шығарып алды. Футболшыны олар жарты бағасына "Челсиге" сатып жіберді. Бірақ, Верон ол жақта да ойнай алмай, "Эстудиантеске" қайта оралды.

Андерсон, 2007-2015 ж

181 матч, 9 гол, 21 асисст.

"Порту" клубында Андерсоннан асқан ойыншы жоқ еді. Ол ортаны түгелімен ұстайтын. "Манчестер" бұл футболшыны 31 миллионға сатып алды. Бірақ, Англияға келісімен бразилиялық деградацияға ұшырады. Оыны нашарлап, артық салмақ пайда болып, түпті түнгі клубтарға баратын әдет шығарды. Сосын Андерсонды сатып жіберді. Ол отанына кетті, кейін Түркияда доп тепті. Бірақ, бастапқы қалпына келе алмады. "МЮ" қымбат ақшаға сатып алмағанда, футболшыға майлы келісім-шарт ұсынбағанда бәлкім бәрі басқаша болар ма еді?

Мемфис Депай, 2015-2017

53 матч, 7 гол, 6 асисст.

Голландия футболының жарық жұлдызы болады деп бағаланған Мемфисті "ПСВ" клубы МЮге 34 миллионға сатты. Бірақ, ол келе салып қосалқы құрамда отырды. Сосын Моуриньо келген соң ол тіпті тізімге түспей жүрді. "Лионға" кеткен соң жақсы ойнай бастап еді, аяғын қатты жарақаттап алды. Енді баяғы қалпына қайта орала ма белгісіз.

Генрих Мхитарян 2016-2018 ж.

63 матч, 13 гол, 11 асисст.

"Боруссия" Дортмунд сапында армян ойыншысы нағыз жұлдыз еді. Левандовский мен Обомеянг секілді сұрмергендердің голдарына пастарды осы жігіт шығаратын. Кейіннен МЮге ауысып ол өзі күткендей өнер көрсете алмады. Моуриньо оны ойыннан кейін сын садағына алды. Сосын, Мхитарян да қарсы сөз айтты. Нәтижесінде бұл футболшы МЮге керек болмай қалды. Амал жоқ өзге клуб тауып кету керек болды. Бірақ, "Арсеналға" ауысқанымен Генрихтің ол жақта да жолы болмады. Қазір "Ромада" жүр.

Александр Бютнер 2012-2014 ж

28 матч, 2 гол, 3 асисст.

"Витесс" сапында жүргенде оған қызыққан клубтар көп еді. Ірі денелі қорғаушыны МЮ сатып алды. Бірақ, негізгі құрамнан орын табуы Бютнерге мүмкін болмады. Голландиялықты ағылшын клубы "Динамо" Мәскеуге сатты. Сосын ол "Андерлехтте" жүрді. Қазір АҚШта "Нью Энгланд Эволюшн" клубында ойнайды. МЮге ауысқалы бері баланың жолы болмады.

Уильфрид Заха 2013-2015 ж

4 ойын

"Кристалл Пэлас" академиясының түлегі Ульфрид Заха "Мюге" келген соң жарытып ойнай алмады. Бірақ, өз клубына қайтадан келіп бағы жанды. АПЛдегі ең мықты алдасатын дриблердің бірі осы жігіт.

Алексис Санчес 2018 ж

45 ойын, 5 гол, 9 асисст.

Санчес Манчетсер қаласына келгелі бері бағы жанбады. Жарақаты да көбейді. Қазір оны МЮ "Интерге" жалға беріп отыр. Футболшы Мюге де, "Интерге" де керек емес секілді.

P.S Біз біреуді ұмытсақ пікір қалдырыңыз, "Аладоп.кз" оқырманы!