Жарнама
Жарнама

Мюнхендегі шок

30.04.2014, 09:27
Жарнама
Жарнама
  Аутсайдер статусына қарамастан, өткен аптада "Реал Мадрид" "Баварияны" тізе бүктірген болатын. Мюнхендіктермен иық тіресе ойнай алатынын дәлелдеген де болатын. "Бавария" ойыншыларының уәдесі бойынша "Аляньс-Арена" бүгін испандықтар үшін тозақ болмақ. Әрине, қиын болады, бірақ бұл "Реалға" мүмкіндік жоқ дегенді білдірмес. Тарихқа үңілсек, қызықты жайтқа тап боламыз. "Карольдік клуб" ешқашан да Мюнхенде жеңіс тойын тойламаған.  Ай, осы футбол әлемі асықты-ау. Еуропада "Баварияның" гегемониясы басталды деп топшылағандар көп еді. Тарихты жаңартып, Чемпиондар Лигасын екінші рет қатарынан жеңіп алады дегенге нық сенімділер де болды. Бүгінгі жағдай дәл осылай өрбиді деп кім ойлаған? Өз жанкүйерлері алдында ғана емес, бүкіл әлем алдында масқара болды. Ірі есеп заңды. 90 минут емес, 180 минут бойы "Бавария" бірде-бір гол салған жоқ. Лиссабонға кім баратыны бірінші таймның ортасында-ақ, Рамостың дубльінен кейін шешіліп қойған. Испандықтар жеңіске жетіп, финалдағы қарсыласын ертең білетін болады. Соңғы 12 жыл ішінде финалдың дәмін татпаған "Реал", Лиссабонда барын салатыны анық. Ал, "Бавария", "Бавария"... Немістер үшін маусым аяқталған жоқ. Алда Герман кубогінің финалы бар. Гвардиола үшін де соңғы 5-6 күн ауыр болды. Жығылғанға жұдырық дегендей досы Титодан айырылғаннан кейін, бүгінгі тас-талқан болуы да үлкен соққы. Мадридтік дерби бола ма, әлде Жозе бұрынғы командасына қарсы шыға ма оны ертең түнде білетін боламыз.

29 сәуір. Мюнхен. Стадион "Альянц Арена". Төреші - Педру Проэнса (Португалия).

БАВАРИЯ - РЕАЛ МАДРИД - 0:4 (0:3)
 Серхио Рамос, 16 (0:1). Серхио Рамос, 20 (0:2). Криштиану Роналду, 34 (0:3). Криштиану Роналду, 89 (0:4).
Бавария Реал Мадрид
 Мануэль Нойер  Икер Касильяс
 Филипп Лам  Даниэль Карвахаль
 Джером Боатенг   Серхио Рамос, 75
 Бонфим Данте  Пепе
 Давид Алаба  Фабиу Коэнтрау
 Тони Кроос  Лука Модрич
 Бастиан Швайнштайгер   Хаби Алонсо
 Арьен Роббен  Анхель Ди Мария, 84
 Томас Мюллер, 72  Гарет Бэйл
 Франк Рибери, 72  Карим Бензема, 80
 Марио Манджукич, 46  Криштиану Роналду
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Хави Мартинес, 46  Рафаэль Варан, 75
 Марио Гётце, 72   Иско, 80
 Клаудио Писарро, 72   Каземиро, 84

Ескертулер:

 Бонфим Данте, 17   Хаби Алонсо, 38

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров