Надаль: Болашақта «Реал» сапынан Мбаппені көргім келеді. Бірақ, корольдік ұжым французсызда үздік өнер көрсетеді

23.12.2022, 23:30


Испандық теннисші Рафаэль Надаль Мбаппені "Реал Мадридтен" көргісі келеді. Атақты спортшы бұл команданың жанкүйері.


"Мен Мбаппені "Реал Мадридтен" көргім келеді. Бірақ, Киллиансызда корольдік ұжым жақсы өнер көрсете алады. Бұл ұжымда Карло Анчелотти деген білікті бапкер бар. Оның тізгінінде "Реал" бірталай жетістікке жетті. Алайда, Мбаппенің командаға келуі бұл жағдайды тіпті жақсартар еді".


Киллиан өткен маусымда еркін агент ретінде "Реалға" ауысуға жақын қалған еді. Бірақ, француз "ПСЖ" басшысының өтінішімен командадағы келісімшартын ұзартты.