"РБ Лейпцигтің" бас бапкері Юлиан Нагельсманн келесі маусымнан бастап "Бавария" клубын жаттықтырмақ, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.
Дереккөздің хабарлауынша, мюнхендік клуб Нагельсманнмен бір мәмілеге келіп үлгерген. Жаңа келісім-шарт бес жылға жасалады. Қазіргі уақытта клуб "РБ Лейпцигпен" келіссөздер жүргізіп жатыр. Юлианның "бұқалармен" келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған.
"Тоттенхэмнің" ұсынысынан бас тартқан Нагельсманнның негізгі мақсаты - "Баварияда" жұмыс істеу. Ал "РБ Лейпциг" бас бапкердің келісім-шартын сату арқылы 30 миллион еуро көлемінде пайда табуды көздеп отыр. Еске салайық, мюнхендік клубтың қазіргі бас бапкері Ханс-Дитер Флик маусым соңында командадан кетеді.
Біздің серіктес: FONBET