X әлеуметтік желісіндегі танымал Rising Stars XI аккаунты U-17 санатындағы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дәулет Орынбасардың талантына тамсана, болашағы жайлы жазба қалдырды.
Rising Stars XI парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Дәулет Орынбасар – QJ League тарихындағы ең нәтижелі ойыншы.
«Даулет Орынбасар — QJ League тарихындағы ең көп гол салған және нәтижелі пас берген ойыншы. 17 матчта 28 гол соғып, 14 ассист жасады. Ол бұл көрсеткіштерімен «Челси» клубымен келісімшартқа отырған Дастан Сәтпаевтың өзінен де озып кетті. Нағыз вундеркинд», - делінген жазбада.
Айтакетейік, 2025-жылдың басында «Қайрат» пен лондондық «Челси» Дастан Сәтпаевтың трансфері жөнінде келісімге келген болатын. Алматылық клуб түлегі енді кәмелеттік жасқа толған соң, 2026-жылдың жазында ағылшын клубына ресми түрде қосылады.
«Дәулет Орынбасардың ерекше статистикасы мен алаңдағы ойыны оған да еуропалық клубтардың назарын аудартуы әбден мүмкін екені айтылуда;
«Қазақ футболының келесі экспорттық жобасы осы ойыншы болары сөзсіз», - дейді сарапшылар.
Дәулет Орынбасар да Дастан секілді «Қайрат» футбол академиясының түлегі.
Біздің серіктес: FONBET