Жарнама
Жарнама

Нани: Мен - Криштиану емеспін, мен - Нанимін!

10.11.2011, 05:34
Жарнама
Жарнама
Португалия ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Нани 11-қараша күні өтетін Еуро-2012ге жолдама беретін істік кездесу алдында тілшілерге сұқбат берді. Сонда ол мені Криштиануға теңемеңіздер деп өтініш жасады. "Мен Криштиану Роналдуға ұқсамаймын. Ол басқаша ойнайды, алаңдағы менің қимылдарым да мүлде бөлек. Журналистердің Криштиану екеумізді салыстырып, сараптап материал жазатындарына көңілім толмайды" деп іштегі мұңын шақты аяқдопшы. Португалия құрама командасы екі кездесуден тұратын теке тіресте Босня командасымен күш сынасады. Естеріңізге сала кетсек өткен Әлем біріншілігіне Нани жарақатына байланысты бара алмай қалған болатын.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров