Отандық футбол сарапшысы, "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Айдар Арғымбаев Қазақстан чемпионатындағы соңғы сенсациялар мен өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың келуі, бапкерлердің біліктілігі және чемпиондық бәйге — маман ешқандай тақырыпты назардан тыс қалдырмады.
Биылғы маусымда жанкүйерлердің стадионға ағылуына себепкер болған басты тұлғалар — Луиш Нани мен Виктор Мозес. Дегенмен, Арғымбаевтың айтуынша, Португалиялық ардагерге әлі де уақыт қажет.
“Нанидің екі жылға жуық үлкен футболдан қол үзіп қалғанын ескеру керек. Әрине, жасы да келіп қалды, бірақ оның алаңдағы әр қимылы жанкүйерлер үшін нағыз мереке. Маусым ортасына қарай ол бабына енеді деп сенемін.” — деді Арғымбаев Sports.kz басылымына берген сұхбатында.
Ал "Қайсар" сапындағы Виктор Мозес туралы сөз қозғағанда, маман жалғыз ойыншының мүмкіндігі шектеулі екенін айтты:
"Мозес — топ-лигаларды көрген жоғары деңгейлі шебер. Бірақ "Қайсардың” қазіргі ойын өрнегі Нигериялықтың толық ашылуына кедергі болып тұр. Тек бүкіл ұжым біріккенде ғана біз нағыз Мозесті көретін боламыз."
Үздіа бапкер мәселесіне келгенде Арғымбаев өз таңдауын күтпеген жерден жасады. Оның ойынша, қазіргі таңда елдегі ең мықты маман — Рафаэль Уразбахтин.
Сарапшының уәждері салмақты:
– Тұрақтылық: "Қайрат” соңғы екі жылда тартымды әрі мобилді футбол көрсетіп келеді.
– Тарихи жетістік: Дәл осы маман Алматылық клубты араға 10 жыл салып Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алып шықты.
Чемпиондыққа кім жақын?
Алты турдың қорытындысы бойынша алтынға таласатын негізгі үміткерлер анықталды. Арғымбаевтың тізімінде үш клуб бар:
"Қайрат”, "Елімай”, “Ақтөбе"
Біздің серіктес: FONBET